16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні
Бұл — Қазақстан Республикасының ең маңызды, тарихи мерекелерінің бірі.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет атанды.
– Бұл күн — біздің еліміздің туған күні.
– Қазақстан – өз заңымен, туымен, елтаңбасымен, әнұранымен егемен ел.
– Біз – тәуелсіз елдің ұл-қызымыз.
