Skip to content

🏆«Келешек мектептерінің» оқушылары Қытайда өткен халықаралық робототехника чемпионатында жеті жүлде…

🏆«Келешек мектептерінің» оқушылары Қытайда өткен халықаралық робототехника чемпионатында жеті жүлде иеленді

🇨🇳 Қазақстандағы «Келешек мектептері» мен инновациялық шығармашылық орталықтарының оқушылары 2025 жылғы 7–10 тамыз аралығында Қытай Халық Республикасының Макао қаласында өткен FIRST LEGO League Asia Open Championship 2025 халықаралық чемпионатында табысты өнер көрсетті.

🤖 Бұл чемпионат робототехника, ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобалар саласындағы Азиядағы ең ірі алаңға айналды. Әлемнің 30-дан астам елінен келген 500-ден астам команда мен 12 мыңнан астам қатысушы жиналды. Биылғы жарыстың тақырыбы «Су асты әлемін зерттеу».

📌 Үш күндік жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар инженерлік шеберлік, креативтілік және командалық жұмыс бойынша жоғары деңгей көрсетіп, еліміздің намысын халықаралық аренада абыроймен қорғады:

🥉 2 қола медаль – Champions Award және чемпионаттың басты марапаты: Leas оқу орталығының тәрбиеленушілері (Explore санаты, 6–10 жас) және Орал қаласының Оқушылар сарайының «Subsquad» командасы (Challenge санаты, 10–16 жас).

🛡️ 6 арнайы төрешілер жүлдесі:

•⁠ ⁠Innovation Project Award – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған Алматы қаласындағы №97 мектептің Nova Team командасы;

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *